29-09-2019
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы демалыс күндері қала тұрғындары үшін есігін айқара ашты. Іші талантты қолөнершілердің бұйымдарымен ажарлана түскендей. Себебі, «Белая сова» шығармашылық бірлестігі облыстың талантты қолөнершілерінің туындыларынбір ортаға жинады.
Көрмеге тоқымадан, ұсақ моншақтардан жасалған, ағаштан ойылған түрлі қолөнер бұйымдары қойылды. Одан бөлек көзмоншақ, бойтұмарлар және қолдан жасалған сабындар болды. Қала тұрғындары естелікке бұйымдар алып, ұтыс ойынына да қатыса алды. Ұтыс ойыны әр сағат сайын ойнатылды. Балаларға арнап шеберлік сағаттары өтті. Олар түрлі бұйымдардың жасалу техникасымен танысты. Күні бойына созылған көрмеде шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, әуезді әнмен әуелетіп, халыққа шырай сыйлады.
Соңында тұрғындар алтын күзге арналған шеберлер жасаған фото бұрышқа суретке түсті. Құрамында 100-ден аса қолөнер шебері бар бірлестік аталмыш көрмені дәстүрге айналдырған.