«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

20-04-2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Ағымдағы жылдың 20 сәуірі күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Республикалық бірыңғай күн шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 12 сәуір күні республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.Отырыс барысында сөз алған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубеков Елбасы мақаласының рухани, мәдени және тарихи жаңғырумен қатар, ұлт бірлігі үшін маңызды екеніндігіне тоқталды. Шараға ШҚО ҚХА мүшелері, Аналар кеңесінің, Қоғамдық келісім кеңесінің, Жастар лигасының, Журналистер клубының мүшелері мен этномәдени бірлестік белсенділері және БАҚ өкілдері қатысып, мақала төңірегінде ой өрбітті.