Басқа түскен ауыртпалықты ұмыту қиын – бірақ жақсылықты есте сақтау мен жаныңдағы адамдарға жылулық сыйлау өте маңызды.

29-05-2020

Басқа түскен ауыртпалықты ұмыту қиын – бірақ жақсылықты есте сақтау мен жаныңдағы адамдарға жылулық сыйлау өте маңызды.

Біз XX жүзжылдықта халқымыздың бастан кешкен оқиғаларының тарихы мен себептерін терең және саналы түрде түсініп, білуіміз керек. Қуғын-сүргінге ұшырап, күшпен жер аударылғандар тек қазақтар ғана емес, 1,5 миллион өзге ұлт өкілдері де болды. Қазақ халқының көрсеткен мейірімділігі мен көмегінің арқасында олар аман қалып, үміттерін үзген жоқ.

Осыған орай, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған онлацйн дөңгелек үстелі өткізілді. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін бүгінгі дөңгелек үстелде ҚХА қоғамдық институттарының, ШҚО этномәдени бірлестіктерінің және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының өкілдері қатысты.

Юнусов Равиль Александрович - Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары, модератор рөлінде сөз сөйледі.

Саяси  қуғын-сүргінге дейінгі және кейінгі өмірлері туралы айтып, өз тәжірибе, білімдерімен Алдияр Акылбекович и Хамзат Хасанович бөлісті.

Дөңгелек үстелді қорытындылау барысында «Видергебурт» Шығыс Қазақстан неміс мәдени орталығының белсендісі Лидия Генриховна «Қуғын-сүргін жылдарында отасы болу» туралы тақырыпты ашып берді. Сонымен қатар, тікелей эфирге Бесқарағай ауданы, неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Зигле Надежда Валентиновна қосылды. Қуғын-сүргінге ұшыраған әкесі жайлы естеліктерімен бізбен бөлісті.