24-04-2017
Ағымдығы жылдың 21 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблея кеңесінің отырысы болып өтті. Шараға ШҚО әкімінің орынбасары Ә. Б. Нүсіпова қатысты.
Өз кезегінде сөз ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.К. Нұрғазиев өткен жылы атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқтала келе, 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын таныстырып өтті. Сонымен қатар отырыс барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын талқылап, аталмыш мақаланың мәдениетімізбен руханиятымызды, сондай-ақ тамыры тереңде жатқан тарихымызды жаңғыртуға құнды да маңызды істерді жүзеге асыруға бастамашы құжат екендігін баса айтты.
26 сәуір күні Астана қаласында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХV-ші сессиясы төңірегіндеде сөз қозғап, ШҚО ҚХА кеңесінің жаңа мүшелерін қабылдады.