20-04-2017
Ағымдағы жылдың 3- наурызы күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен «Медиация тәртібі бойынша нақты дәрежедегі сотқа дейінгі дауларды (жанжалдарды) реттеу пилоттық жобасын іске асырудағы: мәселелері мен жетістіктері» - атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға ҚХА мүшелері, Шығыс Қазақстан облыстық соты, ҚХА мүшелері, Құқық қорғау органдарының өкілдері және студенттер қатысты. Отырыс барысында медиация саласының тарихы және даму кезеңдері туралы мәселелер көтерілді. Сондықтан осы мәселелерді шешу бойынша қатысушылар өз пікірлерін айта отырып, тәжрибелерімен бөлісті. Өз кезегінде сөз алған Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация кеңесінің мүшесі Е.Ш. Жумаксанов бүгінгі таңда медиация саласындағы бір қатар мәселелердің оң шешімін тауып жатқандығын және дау жаңжалдарды сотқа дейін жеткізбей шешуде медиация саласының рөлі жоғары екендігін атап өтті.