ШҚО ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының отырысы өтті

20-04-2017

ШҚО ҚХА Ғылыми сараптамалық тобының отырысы өтті

17 ақпан күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сараптамалық тобының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ҒСТ мүшелері 2016 жылы атқарылған жұмыстарға есеп бере отырып, осы жылға арналған жаңа жұмыс жоспарын бекітті. Сонымен қатар өз кезегінде сөз алған ҒСТ –ның төрағасы Н. Краснобаева ҒСТ-ның жаңа мүшесі А.С. Жанбосиновнаны таныстыра отырып, 2017 жылдың жақсы жаңалығы ретінде алдағы уақытта «Алтайтану» ғылыми зерттеу орталығымен бірлесе жұмыс істейтіндіктерін жеткізді. Отырыс соңында Достық үйінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Шекаралық аймақтардағы этнодемографиялық үрдістер» - атты конференциясының негізгі дайындық кезеңдерін талқылады.