ШҚО ҚХА қоғамдық институттарының отырысы

27-09-2019

ШҚО ҚХА қоғамдық институттарының отырысы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы аясында "Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында" ШҚО ҚХА қоғамдық институттарының 2019 жылдың 9 айлық жұмыс қорытындысын шығаруға байланысты отырыс өтті. 
Шараға ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, «Шығыс адалдық алаңы» жобалау кеңесі, ШҚО Полиция Департаменті, ШҚО «Жаңғыру жолы» жастар штабы, ШҚО ҚХА жанындағы «Аналар кеңесі» мүшелері қатысып, жыл көлеміндегі жұмыстарды қорытындылады. Одан бөлек түрлі тақырыпта спикерлер танымдық баяндамалар оқыды. Алдағы уақытқа қоғамдық институттар жұмыс жоспарын құрып, оңтайлы ұсыныстар айтты. Отырысқа арнайы келген тәжірибелі кәсіпкер Михаил Лунев жеке кәсіпті қалай ашу керек, әрі оның жұмысы туралы айтып, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» жанынан тегін жас кәсіпкерлерді дайындау курсын ашуды тілге тиек етті.