20-04-2017
2017 жылдың 20 қаңтары күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған Журналистер Клубының кезекті отырысы өтті.Отырысты ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі А. Қ Нұрғазиев ашты. Шара барысында Журналистер клубының төрағасы, Ассамблея Жаршысы газетінің редакторы А.И Кратенко жыл бойғы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, Ассамблея Жаршысы газетіндегі өзгерістерді де атап өтті. Сонымен қатар Журналистер клубының мүшелері алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады, Ел бірлігінің нығаюына бұқаралық ақпарат құралдарының қаншалықты атсалысып жатқандықтарына және маңыздылығына тоқталды.Отырыс соңында қатысушылар биылғы жылдың атаулы мерекелері: ҚХА сессиясына 25 жыл, Астана қаласына 20 жыл, ҚР Қарулы күштеріне 25 жыл, ЭКСПО көрмесі сияқты іс-шаралардың алдағы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналатындығын айтты.