Абай мұрасы – ұлттық құндылығымыз, рухани байлығымыз

12-08-2020

Абай мұрасы – ұлттық құндылығымыз, рухани байлығымыз

Биыл айтулы күнді көптеген мерекелер пандемияға байланысты бірінші орынға шықпай қалды. Болмаса, Абайдың 175 жылдығын, Әл-Фараби бабамыздың мерейтойын, Алтын Орданың мерейтойын тойлап жүруші едік.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, "біз тойды тойлау үшін емес, ойлау үшін пайдаланайық". Бұндай айтулы күнде барлығы онлайн түрде өткізіліп жатқаны өкінішті-ақ..
Бірақ дегенмен де, бұл да жақын арада бітеді деген сенімдемін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Ұлы Абайдың бай әдеби мұрасын, әлемдік өркениеттен ойып орын алған асқақ тұлғасын биік тұғырға шығару бір күнге байланып қалмайтыны белгілі. Дегенмен Үкімет тарапынан қаулы қабылданып дербес күн белгіленуі, хакім Абаймен бірге туған ұлтын да жаңа бір белеске көтеріп отыр.
Ғұмырында ақиқатты, әділдікті жақтап, ғылымды ту көтерген темірқазығымыз Абай мұрасы – ұлттық құндылығымыз, рухани байлығымыз.
Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай, Абай жылын жариялады. Бүкіл әлемдік пандемияға байланысты мерейтойлық шаралардың бәрі онлайн режімде өтіп, Абай туындылары оқылып, жатталып, талданып, зерттеліп, насихатталып жатыр.
Абай күні бүкілхалықтық, ұлттық мереке ретінде күнтізбеге енуі тарихи оқиға! Мереке құтты болсын! Еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын!