«Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты сайыс өтті
14-08-2014
«Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» атты сайыс өтті
Ағымдағы жылы Облыстық Достық үйінде Абай атамыздың 168 жылдық мерей тойына арналған және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Облыстық Достық үйінің «Қазақ тілі» қоғамы мен Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірігіп ұйымдастыруымен «Абай оқулары» сайысы қала оқушалырының арасында өтті. Қазақтың «ер елі үшін туады, елі үшін өледі» дейтін жазылмаған заңы бар. Бүгінгі бейбіт күнде бұл сөз ұлт үшін ұлағатты қызмет атқарған оғландарға айтылуға тиісті. Яғни Алаштың әр баласы елінің бүгіні мен ертеңіне өзіндік ой айтып, өзіндік үлес қоса алатын деңгейде болғанда ғана ел болашағы баянды болмақ. «Абайдың сөзі - қазақтың бойтұмары» атты сайысқа қала мектептері белсене қатысты. 2009 жылдан бастап «Абай оқуларын» жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. І кезең «Өлең –сөздің патшасы сөз сарасы» Абайдың өлеңдерін жатқа оқу. ІІ кезең «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» Абай атамызға арнаған өз туындыларын оқу. ІІІ кезең «Құлақтан кіріп , бойды алар» Абай әндерін орындау. Байқау қортындысы бойынша:І кезең «Өлең –сөздің патшасы сөз сарасы» бойынша І орын – Насимолдина Толғанай №35 орта мектеп.ІІ кезең «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» І орын- Қауазқан Айым №15 орта мектеп. №3 орта мектеп, Қабылашева Айгерім №27 орта мектеп.ІІІ орын-Букумбаева Ғалима Меновное орта мектебі, Қадылбек Ақмарал №5 орта мектеп, Алтынбек Назерке Ахмер орта мектебі.Сайыскерлер бағалы силықтармен марапатталды.
Облыстық Достық үйі