01-10-2024
Эльдар Толеубеков, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының басшысы
6 қазан күні атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қатысты маңызды референдум өтеді. Бұл біздің энергетикалық болашағымызға бағыт-бағдар беретін ерекше сәт. Әрбір азаматтың пікірі ескеріліп, бұл шешім бүкіл қоғам үшін маңызды болмақ. АЭС құрылысы – көпқырлы мәселе, ол тек энергетикалық тиімділікке ғана емес, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік аспектілерге де байланысты. Сондықтан бұл референдумның мәні өте терең. Әрқайсыңыз өз ойыңызды ашық білдіріп, бұл тақырыпты жан-жақты зерделеу арқылы ел болашағына үлес қосасыз деп сенемін.