«АУҒАНСТАН-ЕСІМДЕ ҚАЛҒАН ЖАНЫМНЫҢ ЖАРАСЫ»

19-02-2019

«АУҒАНСТАН-ЕСІМДЕ ҚАЛҒАН ЖАНЫМНЫҢ ЖАРАСЫ»

"ДосStar" жастар клубының бастамасымен ардагерлер үйінде Ауғанстаннан әскердінің шығарылғанына 30 жыл толуына арналған "Ауғанстан- есімде қалған жанымның жарасы" атты әскери – патриоттық іс-шара өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Б. Ж. Баталов, интернационалист-ардагерлер, этномәдени бірлестік өкілдері және Борас орта мектеп-бақшасының жоғары сынып оқушылары қатысты. 
Жастар клубының мүшелері ауған ардагерлерін «Демалғанда» атты шағын қойылым көрсету көрінісін көрсетті. Өз кезегінде жеке кәсіпкер Ж.Т.Адильева Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен басталған «Сыбаға» қайырымдылық акциясымен қарсы алды. Іс-шара барысында қатысушылар ауған соғысында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, кешке қатысушы жастарды батыр ардагерлердің ерлік істерімен таныстырылды. Ауған әндері орындалды. 
Аудан әкімі атынан интернационалист-жауынгерлеріне аудан әкімінің орынбасары Б. Ж. Баталов қошамет көрсетіп, өз кезегінде этномәдени бірслестік мүшелері, отбасында толераннтылыққа тәрбиелеу бойынша аналар Кеңесінің мүшелері Г.Баюн, Г. Смаканова және В. Бурдинский көрсеткен ерліктері үшін алғыстарын білдіріп, авторлық өлең жолдарын арнады. 
"ДосStar" жастар клубының мүшелері бастамасымен «Шайқас алаңынан –Ғажайыптар алаңына» атты интелектуалдық ойынын өткізді, онда екі командалық топ қатысты: ауған жауынгерлері мен жастар. Қатысушыла соғыс атрибутикасына қатысты сұрақтарға жауап берді. Екі командалық топ естелік сыйлықтарымен марапатталды. 
Кездесу соңында ауған соғысының жауынгерлері көңіл бөліп, қызықты кездесу ұйымдастырған үшін алғыс білдірді. 

Бесқарағай ауданының Достық үйі