#Birge #TazaQazaqstan акциясы: Қазақстан экология министрі өңірлерге шақырту тастады. Өңірлер акцияны белсенді қолдады.

07-08-2019

#Birge #TazaQazaqstan акциясы: Қазақстан экология министрі өңірлерге шақырту тастады. Өңірлер акцияны белсенді қолдады.

Алтай ауданы ШҚО Достық үйінің белсенді жастары, жастар қанатының мүшелері министрді қолдап, республикалық экологиялық акцияға қатысты. Тазалау үдерісі Хамир өзенінің жағалауында өтті. Акция қатысушылары қоқыс жинаумен және жағалауды шөлмектерден, банкалардан және тұрмыстық қалдықтардан тазартумен айналысты.Алтай ауданы жастар клубының мүшесі, студент Филимонова Диана Шығыс Қазақстан облысының әр тұрғынына табиғатқа жауапкершілікпен қарап, өзендердің ластануын, ормандағы өрттерді болдырмау туралы өз үндеуін айтып өтті.

«Біз Қазақстанның құдіретін, байлығын және қайталанбас сұлулығын мақтан тұтуға үйреніп қалғанбыз. Алайда, табиғатқа немқұрайлы қараудың куәсі болып жүрміз: бізде не бар, соны сақтамаймыз!», - дейді студент.

Естеріңізге салсақ, Асқар Мамин «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына бастау берген болатын.

Мен акция кең таралып, жалпыреспубликалық болады деп сенемін. «Бірге – Таза Қазақстан» акциясы елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», – деді Асқар Мамин.