«Мектепке жол» акциясы

25-08-2017

«Мектепке жол» акциясы

Ағымдағы жылдың 25 тамызы күні Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы ШҚО ҚХА Меценаттар клубымен бірлесіп, республикалық «Мектепке жол» акциясының аясында аз қамтылған отбасылардың балаларына таңғажайып мереке сыйлады. Мерекеге сай әртүрлі ойындар мен сайыстар, түрлі сыйқырлар мен сыйлықтар тарту етілді. Балақайлардың өзінің күлкілі қылығымен Лелик сайқымазақ көңілдерін көтерсе, іс-шараның ресми бөлігінде Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Э.Төлеубеков жаңа оқу жылымен құттықтап, мерекелік көңіл-күй мен үздіктердің үздігі болуларын тіледі.Мерекені ұйымдастырушылар балақайларға оқуға қажетті құралдар жабдықтарды сыйға тартты.Сонымен қатар, барлық қонақтарға арналған дастархан жайылды.Жыл сайын жаңа оқу жылының алдында өткізілетін «Мектепке жол» акциясы 1-қыркүйекке дейін жалғасатын болады.