Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған акция

27-04-2021

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған акция

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ШҚО этномәдени бірлестіктерінің мүшелері аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын тарату бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Елеулі ісімізге себеп болған 3 баланы тәрбиелеп отырған Елеудина Гүлден анамыз бен 5 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана Маликова Данира.

Шешен - ингуш және армян этномәдени бірлестіктері қолдап, ал Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығы қызметкерлерінің демеуімен бұл қайырымды акциямыз жүзеге асты.

Айта кететіні, акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған "30 игі іс" қайырымдылық марафоны аясында өтті.

«Қасиетті Рамазан айында игі істер жасау әдетке айналған. Біздің этномәдени бірлестігіміз көптеген жылдар бойы түрлі қайырымдылық акцияларын іске асырып келеді. Сондай - ақ, біз тек материалдық жағынан ғана емес, соғыс ардагерлеріне, қарт адамдарға және көп балалы отбасыларға көмек көрсетеміз. Баршаңызға денсаулық пен бақ - береке тілейміз»,-деп атап өтті шешен - ингуш этномәдени бірлестігінің төрайымы Татьяна Абдулловна Кагерманова.

Естеріңізге сала кетейік, "30 игі іс" марафонының басталуы ағымдағы жылдың наурыз айынан бастау алған болатын. Ол кезде барлық қайырымдылық акциялары ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында өткізілетінін атап өткен болатын.

- Біз өз ісімізбен және игі істерімізбен жастарды мейірімділікке тәрбиелейміз. Өйткені, біз олар үшін үлгі боламыз. Сондықтан біздің армян мәдени орталығы Достық үйіне көмек көрсетуден бас тартпауға тырысады және барлық қайырымдылық акцияларын қолдайды. Бізде жастар өте көп, сондықтан біз оларға көмек қажет адамдарға мейірімді және әділ болуға үйретеміз, - деді армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Степанян Анушаван Араевич.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстанның Достық үйлері 10 млн. аса теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетті. Көрсетілген көмек тізіміне азық - түлік жиынтықтарын, медициналық маскалар мен дәрі-дәрмектерді тарату сияқты істер кірген болатын және қосар жәйт, акцияны ұйымдастырушылар бұл биылғы жылдың соңғы акциясы емес екенін де хабарлады.