«Есірткіге – «жоқ» деп айт!» акциясы

26-06-2019

«Есірткіге – «жоқ» деп айт!» акциясы

Нашақорлық–әлеуметке ортақ проблема. Жер бетіне миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл дерт әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Алайда, ол шекараны білмейді, нәсіл, жыныс, жас талғамайды. Нашақордың жолымен кеткен адам біртіндеп өзінің адамгершілік қасиеттерінен айырыла бастайды, психикалық тұрғыдан өзгереді, достарын, кейін отбасын жоғалтады, өзіне және жанындағыларға бақытсыздық алып келеді.
 

1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды өзінің есірткіні теріс пайдаланушылықтан еркін халықаралық қоғам құру мақсатында қызметін және ынтымақтастығын күшейту табандылығын білдіру үшін Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдалану және олардың заңсыз айналымына, заңсыз түсік жасатуға қарсы күрес күні ретінде атап өтуді белгіледі.

Ағымдағы жылдың 26 маусымда «Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне» орай Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі қоғамдық келісім орталығы» КММ алаңында ШҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасықала тұрғындарына нашақорлыққа қарсы күрес күніне ойластырылған іс-шара өткізді.

Аталмыш шара барысында ұйымдастырушылар қала тұрғындарына есірткінің адам ағзасына келтіретін зияндары туралы толыққанды ақпараттар таратты. Іс шарада күштік көпсайыс, спорттық жарыстар, автожарыстар және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы «Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Э. Төлеубеков қатысып, қоғамдық келісім кеңесінің және аудандық достық үйлерімен жұмыс жүргізу бойынша сарапшы Даутбеков Азат сөз сөйлеп, бұқара қауымды нашақорлықпен ұйымдасқан түрде күресуге шақырды.