02-06-2022
Халықаралық мейрамдардың бірі болып саналатын, әлемнің көптеген елдері үшін маңызды мереке, 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мереке ата-аналар үшін балалардың өмір сүру, білім алу, демалыс пен бос уақытын өткізу құқықтарын құрметтеу керектігін тағы да еске салатын күн.
Балалар мерекесіне орай «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының» және «Ассамблея жастары» қозғалысының жастары Өскемен қаласындағы Арбат саябағы мен Император сауда орталығында, «Тәтті күлкі» акциясын өткізіп, жас бүлдіршіндерімізге балмұздақ таратты.
«Балаларымызды қуантып, өте керемет бір әсер қалтырдыңыздар, бізге де көңіл бөлгендеріңізге өте қуаныштымыз! Сіздерге үлкен рахмет!!!», - деп қала тұрғындары алғыс білдірді.