«Ақниет»ансамблінің есептік концерті

14-08-2014

«Ақниет»ансамблінің есептік концерті

2011 жылы 5 мамыр күні Облыстық Достық үйінде «Мұсылман әйелдері» ҚБ жанынан құрылған «Ақниет» ансамблінің есептік концерті болып өтті. Бұл шығармашылық ұжымның құрылғанына бүгінде 5 жыл толып отыр. Ансамбльдің құрамы «Мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің мүшелерінен тұрады. Іс-шара облыстық Достық үйінің және «Мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңына және алда келе жатқан Отан соғысының Ұлы Жеңіс күніне, Отан қорғаушысы күні құрметіне арналды. Меркелік шараға облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің соғыс және тыл ардагерлері мен өкілдері көрермен ретінде қонаққа келді. Концертте халық әндері мен бірге кеңес және қазақстан композиторларының әндері шырқалды. Халық даусы естіліп, дәстүрлі ұлттық рух, сонымен бірге жаңарудың, жеңістің рухы сезілді. Концерт барысында «Қазақстаным», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Қазақ тілі» әндері орындалды. Көрермендер Жаниярова Айгүлдің орындауындағы қазақ, орыс тілінде шырқалған «Куә бол» әнін ыстық ықыласпен қабыл алды. Бұндағы ерекшелік орындаушы бұл әннің сөзін орыс тіліне өз аударған. «Ғайни», «Бір бала», «Гәкку», «Махаббат вальсі», «Әнім сен едің», «Жан ерке» жүздеген жыл ішінде халықпен бірге келе жатқан әндер, Отанға, оның еліне деген ұлы сүйіспеншілікке толы, ерекше ықыласпен орындалды. №20 мектептің «Достық» клубының мүшелері, би тобы халық би «Бипылды» өз нақышына келтіріп орындап, көрермендер қошаметіне бөледі.. Ал Гүлайым Талаптанова домбырамен қазақтың әдемі термесін шырқап берді. Мерекеге әжелерді құттықтауға «Гиппократ» медицина колледжінің студенттері келді. Әжелердің бала бақшаларда, мектептер мен колледждерде өткізген шығармашылық жұмыстарның жетістігі, бүгін олардың өздеріне қолдау көрсетті. Мерекенің негізгі желісі тәуелсіз еліміздің негізгі жетістігі – ұлтаралық келісім мен татулық. Еліміздің экономикалық дамуы, демократиялық және әлеуметтік жаңаруы, Қазақстан халқының бірлесуінің нәтижесі екені болып табылды. ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е:М: Аязбаев мерекелік құттықтау сөзінде залда отырған барлық ЭМБ төрағалары мен өкілдерін биыл өтіп жатқан атаулы қоғамдық-саяси іс-шараларға белсенді қатысқандарына алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын лайықты қарсы алу бойынша этномәдени бірлестіктердің алдағы қызметін атап өтті. Сөз соңында Е.М. Аязбаев «Ақниет» ұжымының мүшелерін, қазақстандық ұлтжандылықты тәрбиелеу ісінде, ұлттық рухты, халықтық дәстүрлерді дамытудағы жемісті жұмыстары үшін жылы ілтипатын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады. Концерт соңында Облыстық Достық үйінің директоры Э.Т. Төлеубеков «Мұсылман әйелдері» ҚБ мүшелерін өсіп келе жатқан буындармен жүргізіп отырған қоғамдық жұмыстары үшін, бүгінгі өткізген әдемі концерттеріне алғысын білдірді. Облыстық Достық үйі