4 – желтоқсан 2013 ж сағат 14.00-де Достық үйінің конференция залында қалалық ақсақалдар Кеңесінің кезектен тыс жиыны өткізілді. Бұл жиында қаралған бір мәселе: Өскемен қаласының ақсақалдар Кеңесінің төрағасын сайлау.
Жиынды қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Жүнісов Аманжол Әсетұлы жүргізді. Ақсақалдар кеңесіне Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Бакинова Бұлбұл Рамазанқызы, қалалық ішкі саясат бөлім бастығы Ерлан Жұмаұлы қатысты. Жиынға қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшелері, әр мүлтек аудандарынан ақсақалдар, бұқаралық ақпарат құралдарынан барлығы 40-45 адам қатысты.Қалалық ақсақалдар кеңесіне кандидаттар ұсыну үшін сөз Облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жақсылықов Фрунзе Елғазыұлына берілді. Оның ұсынысы бойынша, Облыстық және қалалық ақсақалдар кеңесінің ұйғарымымен, төрағалыққа Аухадиев Сайлаухан Әбілханұлына ұсынылды. С.Аухадиев Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында 25.12.1939 жылы дүниеге келген. Алматы ауылшаруашылық институтын бітірген. Тарбағатай ауданының партия комитетін 10 жыл басқарған. Облыстық партия комитетінің хатшысы, Кеңес Одағының ХІХ партконференциясында Қазақстан Компартиясының ХVІІ съезіне делегат болып сайланған адам.Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, атақ-абыройы танымал басшы ретінде елге белгілі азамат. Еңбегі жоғары бағаланып, Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен, мақтау қағаздарына ие болған.Қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасын сайлау, ашық дауыспен бірауыздан бекітілді.Жақсы лебізін білдірген ақсақалдар көп болды. Жұмыс бірден өз қарқынын алу үшін С.Аухадиевтың ұсынысымен алқалы жиынға күнделікті жұмыс жасайтын басқарушы топ құрылды. Оның құрамына 9 адам кірді. Олар: Аухадиев Сайлаухан, Түсіпов Рамазан, Әлімғожин Болат, Жүсіпов Аманжол, Баймолдин Құскен, Түсіпов Диас, Шаяхметов Мұқатай, Сайлаубаев Жақан, Солтанғалиев Аман.Кеңеске қатысқан ақсақалдар келешекте қарқынды жұмыс жүргізуге ынталы екендіктерін білдірді. Отырыс барысында ұсыныстармен қатар, сындар да айтылды.
Облыстық Достық үйі