31-01-2024
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында қандастардың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиын өтті.
Іс-шараға «Отандастар Қоры» КеАҚ ШҚО филиалының сарапшысы Хуанбай Аскерхан бастаған, ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова, ШҚО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және Көші-қон қызметі, білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары басқармаларының мамандары қатысты.
Кездесу барысында ҚР азаматтығын алу және баланы мектепке тіркеу және білім саласына жұмысқа орналасу, жер алу, ауыл шаруашылығы бағдарламасы, денсаулық сақтау мекемелеріне тіркелу және т.б сияқты түйткілді мәселелер ортаға салынып, құзырлы мекеме басшылары қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қандастар мемлекеттік органдардың өкілдерінен өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.