07-06-2024
Шығыс Қазақстанда ҚР-сы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері облысымыздағы жастар ұйымдарымен бірлесіп кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Олжас Серікбайұлы Сүлейменов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Айсұлу Әлімжанқызы Ерниязова, «Ассамблея Жастары» республикалық ұйымының төрағасы Тимур Ғабдуллұлы Жұмырбаев және кездесудің басқа да қатысушылары жастар өмірінің маңызды аспектілеріне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.
«Біз сапалы білім алуға, спортпен шұғылдануға, шығармашылықпен айналысуға, жастардың бастамаларын қолдауға және өзін – өзі дамытуға жағдай жасауға тырысамыз», - деп атап өтті Тимур Жұмырбаев.
Қазіргі уақытта жастардың жан-жақты дамуына көптеген мүмкіндіктер бар. Мысалы, сұранысқа ие мамандықты алу үшін 2017 жылдан бастап «Білікті маман» өңірлік жобасы іске асырылуда. 2 мыңнан астам бала білім алуға облыс әкімінің гранттарын жеңіп алды. Облыстың жетекші кәсіпорындарымен бірлесіп техникалық мамандықтар бойынша практикалық білім алуға мүмкіндік беретін 5 «Жас маман» құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жобалар іске асырылуда. Жастардың бизнес бастамаларына қолдау көрсетіледі.
ҚР-да бірнеше жыл бойы «Жасыл ел» жобасы жұмыс істейді, ол жыл сайын 1 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары мен колледждер, жоғары оқу орындарының студенттерін жазғы кезеңге жұмыспен қамтамасыз етеді.
Жүйелі жұмыс және мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін 12 Жастар ресурстық орталығы, оның ішінде облыстық деңгейдегі орталықтар жұмыс істейді. Олар қазіргі жастардың өзекті мәселелері бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
«Жастар - Қазақстанның болашағы, сондықтан біз балаларымызға болашақта өздерін қоғамның белсенді, сауатты мүшелері ретінде көрсету үшін барынша көп ресурстар жұмсауымыз керек», - деп түйіндеді қатысушылар.