Ақжар халық театрына 50 жыл

14-08-2014

Ақжар халық театрына 50 жыл

1963 жылы 30 қараша айында Ақжар көркемөнерпаздар театры Мұхтар Әуезовтың «Қарагөз» 4 актілі трагедиясын, Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» 3 актілі трагедиясын Мәскеудің Кремль театрының сахнасында көрсетті. Осы спектакльдерді Кремль театрының сахнасына дайындап қойған режиссер Совет Сабиев, ҚССР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, доцент Асқар Тоқпанов.     Осыдан кейін Ақжар көркемөнерпаздар театрына «Халық театры» атағы берілді. Биыл 30 қарашада осы Ақжар халық театрына 50 жыл толғалы отыр. Сол жылдары Зайсан ауданының Ақжар ауылы бойынша мәдениет бөлімінің испекторы болып қызмет атқарып, осы спектакльдің ұйымдастырылуына өз үлесімді бір кісідей қостым. Ескерту: хабарласамын деушілерге; тел. 260361; 267771Облыстық Достық үйі,Қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Роза Дәуітқызы Мұрағат: Сурет 1. Москва 30 қазан 1963 жыл Сурет 2 Тарбағатайда. Солдан оңға қарай: Бірінші қатарда жазушы Қалижан Бекқожин, Шәкежан Малғаждарова әнші, Академик жазушы Сәбит Мұқанов , Роза Дәуітова инспектор, Алматыдан келген әнші. Екінші қатарда солдан: Мқатай Абдуллин сырнайшы, Қанағат Дүйсекенов, суретші, Жәнібек Мұқамадиев аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Алтай Қалиева әнші, Алматыдан келген ақын, Алматыдан келген жазушы, Кеңес Байтоғасов әншә, Мырзахмет Қабимолдин, күйші. Ақжар, маусым 1967жыл.