21-02-2018
Алғыс айту күніне орай Өскемен қаласындағы №11 мектеп- лицейінде көлемді мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік мүшелері қатысты. Шара барысында сөз алған ШҚО ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Л.Б. Шик мектеп ұстаздары мен оқушыларына Қазақстан халқы Ассамблеясының қызыметтері туралы айта келе, алғыс айту күніне арнаған тамаша өлеңін оқып берді. Сонымен қатар №11 мектеп – лицейінің ұжымына Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының 25 жылдық мерей тойы туралы кітапты арнайы сыйға тартты. Мерекелік шарада өнер көрсеткен оқушыларға қонақтар қошеметтеп қол соғып ризашылықтарын білдірді.