«Алар асу алда»

29-11-2022

«Алар асу алда»

2022 жылдың 28 қарашасы, Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі және «Әлеуметтік келісімшарт» РММ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының қатысушыларын марапаттау рәсімін өткізді. 

«Мың бала» жобасының мақсаты – мемлекеттік тілді оқыту барысында мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын, түрлі ұлт жастарын қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарымен таныстыру арқылы қазақстандық даралық пен бірлікті дамытуға ықпал ету.  

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Д.Қ.  Қыдырәлі М.А., ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі.  Азилханов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаттары, ҚХА мүшелері, жоба жеңімпаздары, мемлекеттік тілді оқыту әдіскерлері, жастар ұйымдарының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Облысымыздың намысын »Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығындағы» “Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін үйрету мектебінің" қазақ тілі курсына қатысушы, жас шәкірт Выходцева Кира қорғап, жеңімпаз атанды. Ұстазы: Габдуллина Гүлжазира Қалдыханқызы.

Выходцева Кира және ұстазы Габдуллина Гүлжазира Қалдыханқызына алғыс айта отыра, биік белестерді бағындыруды тілейміз!