Талант тау астындат емес!

17-02-2021

Талант тау астындат емес!

Аспаны нұрға құшағы жырға толы Катон-Қарағай өңірі әркез салт пен санаға дәстүрге, өнерге берік жер. Баурайы мұра мен қазынаға толы өңірдің адамдары қол өнерден құралақан емес.

Бұған дәлел Катон-Қарағай жастары мен ұзақ өмір сүру орталығы бірлесіп өткізген «Асыл мұра» онлайн көрмесінің өтуі. Көрмеде ұсынылған бұйымдар түрлі этностардың ұлттық нақышын бейнеледі.

Бір емес бірнеше шебер бас қосқан бұл көрмеде әр түрлі моншақтардан жасалған көздің жауын алатын буйымдар, қазақи нақышта жасалған алаша, сырмақтар жәнеде кйізден жасалған жұмыстар көрсетілді.

«Біздің достық үйімізде халық қолөнерін берік сақтайтын адамдарды біріктіретін халықтық - қолданбалы шығармашылық студиясы бар. Бұл студияның жұмысы мастер-класстар, бейнесабақтар форматында жүргізіледі. Біздің негізгі мақсатымыз - халық қолөнерін жандандыруға, ұйымдастырылған көрмеміз ықпал етеді деп шештік»,- дейді Катонқарағай аудандық Достық үйінің директоры Наталья Гостеева.

Айта кетер маңызды жәйт Катон-Қарағай ауданының Достық үйі жастары халықпен белсене жумыстар жасай отырып, ел арасынан өнерлі жастарды іздестіруді дәстүрге айналдырған. Тіпті пандемияға дейін этномәдени бірлестіктердің өкілдері мектептерге барып, үнемі шеберлік сабақтарын өткізіп те отырған.

«Осы тұста біз керемет ерекше өнерлі жанды кездестірдік. Ол нәзік жандымыз фомираннан тамаша гүлдер мен әртүрлі шамдар жасай алады. Осындай және тағыда өнерлі тұлғаларды барынша көбірек қылып Достық үйінің қызметіне тартуға тырысамыз», - деп атап өтті Наталья Александровна.