«Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырып өткізген шаралары

14-08-2014

«Алтын арқау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырып өткізген шаралары

  Жоба авторы: Сағынбек Ақанов, ҚР мәдениет қайраткері 1. «Үш Бәйтерек – береке, бірлік бастауы»: Облыстық «Достық үйі» сахнасына қазақ халқының Үш жүзінің басын қосқан Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би көріністері арқылы ұлттық тағылым, ұлтаралық келісім, ел бірлігі насихатталды. Бұл бастама облыс оқу орындары мен аудандарының мәдениет орындарында жалғасын тапты 2. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы. Ұлан ауданында ұйымдастырылды. Оған этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Бас жүлдені Вейкман Иван Угуович жеңіп алды. 3. «Шығысқазақстандықтар саяси репрессия жылдарында» республикалық ғылыми – практикалық конференция өтті. «Азалы кітап» (атылғандар тізімінің) жылдық көруі. Конференцияға 490 адам қатысып, 200 дана «Азалы кітап» қатысушыларға таратылды. Тарбағатай, Зайсан, Күршім, Ұлан аудандарының газеттерінде жазықсыз құрбан болған 1937-1938 жылдары атылған адамдар тізімі жарияланды. Ғалым, ЭАҰУ профессоры Рахымжан Тұрысбек, облысқа танымал заңгер Елтай Жалбағаев, ҚБ мүшелері Тияс Түсіпов, Сайлаухан Аухадив, Базарбек Омаров, белсене қатысты. 4. «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» ғылыми- практикалық конференция Семей қаласында өткізілді. Конференцияға барлық этномәдени бірлестік өкілдері, азаматтық қоғам институттарының зиялы қауымы, жастар қатысты. Жазушы, Абайтанушы Қайым Мұхамедханов, Халық Қахарманы Қайрат Рысқұлов ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. ҚБ мүшелері Ғаббас Құмаров, Мұрат Әміренов, Кенжебек Тоғжанов дәріс оқыды. Ғалымдар Ғани Қарасаев, Тұрғаным Толыбаева, Александр Алексенко облыс әкімдігінің алғыс хаттарына ие болды. 5. «Алтын арқау» бірлестігі республикада тұңғыш қиссагерлер байқауын ұйымдастырған мемлекеттік емес азаматтық институтарының белсенді өкілдері. «Ғасырлар ескен есілім, жырлармен жеткен есімің» республикалық байқауы биыл ШҚО Өскемен қаласында өткелі отыр. Жобаның авторы, әрі ұйымдастырушысы «Алтын арқау» бірлестігі. Шығыс Қазақстан облысы бойынша аталған шараларды дайындап, өткізудегі «Алтын арқау» ҚБ директоры Сағынбек Ақановтың белді ұйымдастырушылық әдістемесі, іс тәжірибесі жинақталып, «Ассамблея жаршысы» газетінде жарияланды.