Аналар кеңесінің отырысы болып өтті

11-02-2016

Аналар кеңесінің отырысы болып өтті

 Ағымдағы жылдың 10 ақпаны күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Мейірімділік керуені» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облыстық Аналар кеңесінің алдағы сайлауға белсенділік танытуға үндеуі жарияланған отырысы болып өтті. Жиынға Шығыс Қазақстан облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері, ШҚО ҚХА өкілдері қатысты. - Бізге, яғни Аналар кеңесінің жұмысына артылатын жүк ауыр. Себебі отбасының да, Отанның да тыныштығына тікелей әсер ете аламыз. Мен бүгінгі кеңеске қатысушыларға, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауына белсенділік танытып еліміздің болашағы мен бірлігі жолында бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға, - шақырамын деді өз кезегінде сөз алған ШҚО Аналар кеңесінің төрайымы Мария Бейсеканова. Сондай-ақ, жиын барысында Шығыс Қазақстан облыстық Аналар кеңесінің жұмысын күшейту, «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасын іс жүзінде іске асыру, Ұлттың ортақ болашағын қалыптастыру сынды өзекті мәселелелер сөз болды.