26-11-2018
Ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні Достық үйінде «Орыс әні» хорының есеп беру концерті өтті. Шара барысында орыс халқының дәстүрлі әндері орындалып, «Арабеск» балалар және жастар ансамблі биден шашу шашты.
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының фойесінде Өскемен қаласының «Белая Сова» қолөнер жәрмеңкесі орнықты. Жәрмеңке барысында лотерея өткізілді, маникюр және мерекелік макияж бойынша шеберлік сабақтары, сондай-ақ кішкентай қонақтарға әуесқой қуыршақ театры және қолөнер бұйымдарының шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Концерттің соңында славян этномәдени бірлестігінің төрағасы Яковлев Александр Андреевич «Орыс әні» ансамблінің басшысы Анатолий Костюкке құрметті казак орденін табыс етті.