26-11-2024
Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында шешен-ингуш «Вайнах» ансамблінің есептік концерті өтті. Сахнада ұлттық билер қойылып, бай мәдениет пен дәстүрлер көрсетілді. Әрбір қойылым көрермендерді өз шеберлігімен және әсерлілігімен баурап алды.
Шараға этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары да қатысып, концерт бағдарламасын жарқын өнерлерімен толықтырды. Олардың әндері мен билері халықтар достығының айрықша рухын қалыптастырды.
«Концерт керемет деңгейде өтті! «Вайнах» ансамблінің билері күш-қуат пен сұлулықты керемет жеткізді, залда отырғандардың бәрі таңғалып, ерекше сезімде болдық!», - деп көрермендердің бірі өз әсерімен бөлісті
Бұл кеш өнер мен мәдениеттің шынайы мерекесіне айналып, әртүрлі халықтардың дәстүрлерін сақтау мен құрметтеудің маңыздылығын еске салды.