15-04-2019
«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының жанынан «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын» ашылған болатын. Зейнеткерлер үшін арнайы клубтар жұмыс істейді. Атап айтар болсақ орталыққа келуші қарттар үшін «Возрождение» ардагерлер хоры, «Атамұра» вокалды ансамблі, «Ақниет» вокалдық ансамблі, «Ровесник» ансамбілдері және «Жемчуга» әдеби-көркемдік клубы, «Сіздің денсаулығыңыз» клубы денсаулыққа байланысты түрлі лекциялармен кеңестер өткізеді. «Белая сова» шығармашылық бірлестігінің қолөнершілері әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасауды қалайтын адамдар үшін мастер-класстар жүргізеді. Медиация бөлімінде келушілер медиатордан, заңгерден, психологтан сарапшылық кеңес ала алады. Физикалық тұрғыдан белсенді болғысы келетіндер үшін, «Ветеран» клубы жұмыс істейді, онда келушілер би мен жаттығу залына қатыса отырып нұсқаушымен бірге емдік-сауықтыру жаттығулар жиынтығын таңдай алады. Бүгінде орталықтың жанынан құрылған «Шахмат» клубына келушілердің саны күн санап артуда. Аптаның бес күнінде арнайы кестеге сәйкес сағат 13:00- ден 17:00 ге дейін келіп, клуб қатысушылары тартысты ойын ұйымдастырады.