08-05-2019
Ағымдағы жылдың 08 - мамыры күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының «Азери» әзербайжан этномәдени бірлестігінің мүшелері мен «Марат-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетті. Шара барысында «Марат-М» ЖШС директоры Али Мусин және «Азери» әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Элвин Демирчиев ардагерлерді құттықтап өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ардагерлерге арналған шағын мерекелік концерт ұйымдастырылып кең дастархан жайылды. Мереке қарсаңында ізгі шараны ұйымдастырушыларға ардагерлерде ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта, қасиетті рамазан айында ораза ұстаған жамағаттардың басын қосып ауыз ашар беру және 1- маусым балалар күні қарсаңында балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді қуантсақ деген жоспарымыз бар дейді - Элвин Демирчиев .