Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы қарсаңында, 19 қыркүйек күні Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында Армения тәуелсіздігіне 24 жыл толуына орай іс-шара өтті.
Бұл мерекеге армян этномәдени бірлестігінің төрағасы Дживан Манучаран қатысып, жиналған қауымды құттықтады. Атаулы іс-шара «үй - ортасы аясында» өтуімен қатар, қатысушылар концерттік бағдарлама дайындап , өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар «Арарат» хореографиялық ансамбілінің жетекшісі Каринэ Асатрян, қатысушылар арасында Армения білімі туралы қызықты викторина өткізіп, әрбір дұрыс жауапқа тәтті сыйлықтар сыйлады.
21 қыркүйек - Арменияда ауқымды және әдемі аталып өтетін, ең маңызды мерекелердің бірі болып табылады. Себебі, Тәуелсіздік - армян халқынан ешқашан тартып алынбайтын жеңіс болып есептелінеді.

