2015 жыл Қазақстан үшін бейбітшілік пен келісім жылының жарқын үлгісі болмақ. Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы Ассамблея жылын мерекелеу аясында, қоғамдағы этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту бағытында әртүрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Солардың бірі «Арарат» армян этномәдени бірлестігінің 15 жылдығына арналған мерекелік шара.
Бірлестікті мерейлі жылымен құттықтауға, бүгінде бір шаңырақтың астында тату-тәтті достық қарым-қатынаста, бір мақсат үшін жұмыла жұмыс істеп жатқан белорус, украин, кәріс және басқа да ЭМБ өкілдері келді.
Шара барысында Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының директоры, этномәдени бірлестіктердің төрағалары құттықтау ізгі тілектерін білдірді. Олар өз сөздерінде әртүрлі этнос өкілдері үшін әр ұлттың салт-дәстүрін, ана тілін, мәдениетін сақтауда, өскелең ұрпақты ата-дәстүрімен және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Достық үйі қызметінің атқарып жатқан маңызы зор екенін атап өтті.
Сонымен бірге шара барысында сөз алған армян этномәдени бірлестігі төрағаларының бірі болған, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Карен Мамиконович Нариманян өскелең ұрпақты ана тілін, салт-дәстүрін оқып-үйренуге, оны насихаттауға шақырды, ол үшін Достық үйінде барлық жағдай жасалғанын айтып өтті. Өз кезегінде сөз сөйлеген армян ЭМБ төрағасы Елбасының сарабдал саясатының арқасында біз бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз, сондықтанда шығысқазақстандық армяндар ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беруге дайынбыз деп сөзін аяқтады.
Мерекелік шараның құрметіне арнап «Арарат» шығармашылық ұжымы және мереке қонақтары «Вайнах» шешен ансамблі, «Кавказ» әзірбайжан ансамблі көрермендер алдында өнер көрсетті.
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы



