Армян ұлттық ойындар

28-12-2022

Армян ұлттық ойындар

«Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» Армян этномәдени орталығы арнайы дайындаған спорттық бағдарламаға сәйкес ұлттық ойындар семинары өтті. 

Семинар өте қызықты және көңілді өтті. Спорттық бағдарламада қатысушылар шахмат, нарды, дойбы және лото ойындарына қатысып, сайыс барысын тамашалай алды.

Шара соңында жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталып, ойыннан алған әсерлерімен бөлісті.