Ашық сабақ өтті

22-04-2022

Ашық сабақ өтті

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп интернат колледжінің тәрбиеленушілеріне» арналған ашық сабақ өтті.

Шара барысында қатысушыларға Достық үйінің тарихы, этно-мәдени бірлестіктердің шығу тарихы, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні жайлы ақпараттар беріліп, оқущылар Достық үйінің 30-жылдығына арналған көрмені тамашалады.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының басшысы Эльдар Төлеубекұлы Төлеубеков сөз сөйлеп, оқушыларға ақыл-кеңесін айтты. Сонымен қатар Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығы жұмысының негізгі бағыттарының бірі жастармен жұмыс жасау, атап айтқанда, "Ассамблея Жастары" республикалық жастар қозғалысының қызметі таныстырылып, Владислав Артамонов ұйым жайында ақпарат бөлісті. 

Шара қатысушылары неміс және поляк этно-мәдени бірлестіктерінің дайындаған мерекелік бағдарламасын тамашалап, өздерінің дайындаған ән-шашуларын көрсетті. Ашық сабақ «Атамекен» әнімен түйінделді. 

«Бүгінгі ашық сабақ арқылы өзіме маңызды ақпараттар және  жаңа деректер алдым. Достық үйіне және ұйымдастырушыларға осындай іс-шара өткізіп отырғанына  алғыс айтамын» деп өз ойымен бөлісті шара қатысушысы.