Ассамблея балы

08-03-2018

Ассамблея балы

8 наурыз күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ассамблея балы» өтті.

Шара барысында Қоғмдық келісім кеңесінің төрағасы Шик Лео Багданович нәзік жандыларды шын жүректен құттықтап өлең жолдарын оқып берді.Құттықтау сөздерінен кейін Достық үйінің атынан Ассамблея балына келген әйел қауымына гүл шоқтары таратылды.

Достық үйі қоғамдық келісім орталығының «DUET» спорттық-бал билері ансамблі өздерінің тамаша билерімен кештің көркін қыздыра түсті. Кеш соңы барлық қатысушылардың қатысуымен би кешіне ұласты.