ШҚО Ассамблеясының жастары – ел бірлігінің жарқын үлгісі!

19-12-2024

ШҚО Ассамблеясының жастары – ел бірлігінің жарқын үлгісі!

Шығыс Қазақстан облысындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі жыл бойы белсенді жұмыс атқарып, өңірдегі этносаралық татулықты нығайтуға және жастарды ортақ мақсаттарға біріктіруге үлес қосты.

  • 491 белсенді мүше ұйым жұмысына тұрақты қатысады.
  • 171 іс-шара ұйымдастырылды.
  • Іс-шаралардың басты бағыттары:

Этноквесттер мен мәдени кездесулер,
Дөңгелек үстелдер, концерттер,
Қоғамдық акциялар мен жастарға арналған форумдар.

  • Іс-шараларға 8260 адам қатысқан, бұл облыс жастарының жоғары қызығушылығын көрсетеді.
  • «Ассамблея жастары» жұмысы туралы БАҚ-та 220 жарияланым жарық көрді.

Осындай нәтижелі жұмыс облыстағы этносаралық келісім мен қоғамдық татулықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасында достық қарым-қатынас орнатуға зор үлес қосты.