Астана заседание

14-08-2014

Астана заседание

2013 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М. Тәжиннің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті.   Кеңес жұмысына Президент Әкімшілігінің басшылығы Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми-сарапшылық кеңестің және БАҚ-ң өкілдері қатысты.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясында этносаралық қарым-қатынас саласындағы жұмысты жандандыру бойынша берген тапсырмаларының орындалуын қорытындылап, мемлекеттік этносаясатты жетілдіру, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді әрі қарай дамытудың негізгі мәселелерін нақтылап өтті.Отырыс барысында келесі мәселелер тыңдалды: Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық тобы басшысының орынбасары Е. Каппель; Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы – облыс әкімі А. Мырзахметов; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенов және Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінің директоры Э. Төлеубеков сөз сөйледі. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов Шығыс Қазақстан Облыстық Достық үйінің атқарып жатқан жұмысына оң бағасын берді.   Облыстық Достық үйі