29-08-2017
Ағымдағы жылдың 29 тамызы күні Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен «Ата- Заңым айбыным» атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт өтті.Шараға этномәдени бірлестік өкілдерімен шығармашылық ұжымдар қатысты. Концертке жиналған қонақтарды ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының меңгерушісі А.Қ.Нұрғазиев құттықтап, өзінің ізгі тілегін жеткізді.Шараның шымылдығын «Ақниет» әжелер ансамблі «Қазақтай ел қайда» әнімен аштты. Өзгеде өнер иелері мерекелік шараның көрігін одан әрі қыздыра түсті. Әсіресе «Инсаноре» ансамблінің орындауындағы тамаша әнді қонақтар ыстық ықыласпан қарысы қабыл алды. Сонымен қатар концерт барысында қонақтардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясына байланысты викториналық сұрақтар қойылып, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, белсенді қатысқан көрермендерге арнайы сыйлықтар берілді. Шараны «Ажарым» ансамблі тамаша «Қазақ елі» әнімен түйіндеді.