«Ата дәстүрім – асыл мұрам»

05-02-2015

«Ата дәстүрім – асыл мұрам»

         Қай халық  болмасын ұрпағын заман талабына сай азамат етіп тәрбиелуге септігін тигізетін ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді жасап, оны ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес асыл мұра ретінде қастерлеп жеткізіп келген. Ұлт өкілінің өмірдегі қуанышы, ізденіс-талпынысы ұлттық игіліктермен тікелей байланысты. Олай болса осы ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру міндетіміз. Осы мақсатпен Достық үйі  ағымдағы жылдың 3 ақпаны күні №39 мектепте оқушыларға арналған  «Ата дәстүрім – асыл мұрам» атты танымдық шара өткізді. Аталған шараға қазақ, украин, белорус, кәріс ЭМБ қатысты. Балаларға қазақ халқының «Баланың тұсауын кесу» дәстүрі, белорус халқының «Көктемді шақыру» ғұрыпы,  украин халқының салттары көрсетілді. Сонымен бірге зерделеніп, кестеленіп, оюланып тігілген, әр ұлттың өзіне   тән айшықтары салынған даланың  әдемі гүлдеріндей  көздің жауын алатын ұлттық костюмдерін киген «Крынічка», «Ақниет», «Свиточ», «Торади» ансамбльдері бірінен кейін бірі халық әндерін шырқап, әдемі өнер көрсетті.  Концерт соңында мектеп директоры осындай танымдық шара ұйымдастырған Достық үйіне алғысын білдірді.