30-08-2024
Достық – Қоғамдық келісім үйінің фойесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң – елдің еңсесі» атты іс-шара өтті.
Осы айтулы күнді атап өтуге этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Ассамблея жастарының» белсенділері, қала тұрғындары жиналды.
Шара Достық үйінің басшысы Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлының құттықтау сөзімен басталды. Одан кейін марапаттау рәсімі өтіп, Достық үйінің белсенділері мәдениетаралық өзара іс-қимылды дамытуға және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс хаттар алды.
Концерттік бағдарлама көрермендерге жақсы әсер силай алды! Қонақтар «Арабеск», «Русская песня», «Ақтолқын» және басқа да хореографиялық топтар мен вокалдық ансамбльдердің өнерлерін тамашалады. Әр орындау әртүрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрінің байлығын көрсететін ерекше болды.
Шара соңында ұйымдастырушылар жиналғандарға алғысын білдіріп, тағы да осы тамаша мерекемен құттықтаса, көрермендер өз кезегінде бұл күнді ұмытылмастай еткен өнерпаздардың өнеріне тәнті болды.