«Атамұра» ансамблінің концерті

14-08-2014

«Атамұра» ансамблінің концерті

Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні Өскемен қаласының №20 орта мектебінде көктем мерекесі Наурызға арналған мерекелік концерт өтті. Бұл концертке Облыстық Достық үйінің Атамұра ансамблі қатысты. Концерт мәдени бос уақытты тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылды.Мерекелік шара «Атамұра» ансамблінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен басталды. Аталған мерекеде коңақтар оқу ғимаратының оқушылары мен мұғалімдері болды. Концерт барасында әр жанрдағы әндер орындалып, көкрермендердің таңданыстарын мен үлкен қызығушылықтарын тудырды.Шара соңында №20 мектептің директоры мектеп атынан «Атамұра» ансамбліне алғысын білдіріп, ансамбль ұжымын грамотамен марапаттап, өзіде ән салып Облыстық Достық үйімен мектептің достығын нығайта түсті. Аталған концертке 70 адам қатысты. Облыстық Достық үйі