«Атамұра» шығармашылық тобы білім ордасына концерт ұсынды

26-01-2016

«Атамұра» шығармашылық тобы білім ордасына концерт ұсынды

Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының» «Атамұра» шығармашылық тобы Оралхан Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейінде қонақта болып, аталмыш білім ордасының оқушылары мен мектеп ұжымына Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған мерекелік концерт ұсынды. Мерекелік шара барысында жас ұрпақты патриоттыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелейтін әуезді әндер орындалды. Сонымен қатар шара барысында сөз алған Өскемен қаласы ақсақалдар алқасының төреағасы Жаңабай Әшімов бүгінгі таңдағы 25 жыл толып отырған тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегендігін, сан ғасырлар бойғы ата-бабаларымыздың талмай күресуінің, ерінбей еңбектенуінің жемісі екендігіне тоқталды. Сөз соңында «Атамұра» шығармашылық тобы тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап алдағы уақытта аудан, қала көлемінде 25 концерт өткізетіндіктерін атап өтті.