21-02-2018
2018 жылға 15 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қалалық достық үйінде ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
Аталған іс-шараға қаланың жалпы білім беретін орта мектептерінің оқушылары, әкімдіктің қызметкерлері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, 3514 әскери бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар достық үйінің әртістері әзірлеген мерекелік концертті тамашалады. Болашақ Отан қорғаушыларына туркелу туралы куәліктер тапсырылды.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылардың назарына қалалық кітапхана ұжымы «Ауғанстан туралы ақиқат» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Концерт аяқталғаннан кейін қонақтарға ақ дастархан басында жылы лебіздерін білдіріп, әңгімелесті.