Ағымдағы жылы 26 мамыры күні Облыстық Достық үйінде әзірбайжан этномәдени бірлестігінің «Азери» шығармашылық ұжымының есептік концерті өтті.Есептік концерттің мақсаты: әзірбайжан халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтау және дамыту, этносаралық келісімді сақтау.«Азери» шығармашылық ұжымы көрермендерге әртүрлі көңілді бағдарлама ұсынды. Жалынды лезгинка биі нәзік әуенді әнмен алмасты.
Сонымен бірге лезгинка би сахнада заманауи түрде биленіп, байқауға қатысушыларға лезгинканы балалар әнінің әуенімен орындау ұсынылып әзіл қалжыңға да орын берілді.Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Е.М. Аязбаев, Облыстық Достық үйінің директорының орынбасары О.Б. Доценко өз тілектерін білдіріп, «Азери» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің құрылуына қатысқан адамдар және де бүгінгі күні әзірбайжан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтап, дамытып жүргендер туралы өз ойларын ортаға салды.Кезекті есептік концерт – бұл соның жарқын айғағы, әзірбайжан мәдениеті соңғы жылдарда қайта түлеп, бұғанасы бекіген, ол біздің еліміздің көпқырлы мәдениетін байытатын және сөз жоқ әсемдейтін халық мұрасының төл мәдениетінің бір бөлігі болып, көпұлтты Қазақстанымызда алдыңғы қатардағы орынды иеленіп келеді.Шараға 90 адам қатысты.
Облыстық Достық үйі

