27-04-2023
Елордамызда өткізілген Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы менің көзқарастарыма жақсы әсерін тигізе алды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жағдайда біздің бейбітшілік пен келісім жөніндегі саясатымыздың берік әрі институционалды тірегі қызметін атқарады. Бүгінгі сессияның міндеті – Ассамблеяның саяси жүйені реформалау ісіндегі орны мен рөлін анықтау, оны әрі қарай дамытудың бағытын белгілеу.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің негізқұраушы басымдылықтарын айқындап өтті.