03-01-2024
Татар этномәдени ұйымның белсенді мүшесі
Роза Цис
Президентіміз ұсынған идеялар мен тың жобалардың да қазіргі жылдарда тез қарқынмен болмаса да, өз бабымен жүзеге асып жатқандығы қуантады.
Дәуірдің добалаң дөрекіліктерінен өткен еліміздің болашағын жарқын етіп, дамыған 50 ел қатарына қосу да, оны міз қаққызбай осы қалпында қалдыру да әр тұлғадан құралған отбасы, отбасыдан құралған халық, халықтан құралған тұтас елдің қолында екенін әр азамат ұғынуға тиісті деп білемін.
Қазіргі мақсат: ел экономикасын алға тартып,саяси және әлеуметтік деңгейді барынша реттеу болып табылады. Дамыған тәуелсіз мемлекеттер арасынан өте үздіктердің біріне ену. Ұлы даланың шытырманға толы тарихының жалғыз шығар жолы-Мәңгілік тұтас, бірлігі жарасқан елге бастап әкеледі.