Бірлік күні тойланды

01-05-2022

Бірлік күні тойланды

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Осы орайда қаламызда облыс колледждерінен жиналған студенттер арасында бірлік күніне арналған сайыс өтті. Аталмыш шараға әр ауданнан жиналған колледж студенттері қатысты. Мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді. Көрініс көрсетуден сайысқа түскен жастар қазақстандағы этнос өкілдерінің салт-дәстүрлерін көрсетіп шықты. Шара барысында «Достық үйі – қоғамдық келісім» орталығының қызметкерлері сөз сөйлеп, мерекеге қатысып қайтты.