27-06-2019
Шығыс Қазақстан облысы өзге ұлттардың басым бөлігін қамтитын, кең-байтақ жері, сұлу табиғаты бар аймақ. Қазіргі таңда ол – республиканың ірі өнеркәсіптік, энергетикалық, аргарлық, көлік және мәдени өңірі. Халық саны 1,4 млн жуық. Облыста 100-ден астам ұлт өкілдері, ашық аспан астында біргетату өмір сүруде. Және осы ұлтаралық достықты сақтап отыру негізгі міндетіміз болып отыр. Облыстағы этносаралық қарым-қатынас жағдайын білу мақсатында әрдайым жүргізілетінзерттеу жұмысы нәтижесінде, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының хал-ахуалы жағымды деген қорытынды жасауға болады.
Атап айтқанда, тұрғындарымыз позитивті әлеуметтік көңіл – күйге 80%-дан астамы ие. Ол дегеніміз, тұрғындарымыздың басым бөлігі қалыпты өмірлеріне қанағаттанатынын көрсетеді.Өңірімізде этникалық негізде азаматтардың құқық бұзушылық орын алып көрмеген.Оны басқа этнос адамдары арасындағы қарым-қатынастар 90%-ға жуық оң нәтижені көрсеткен зерттеу жұмысынан да көруге болады.Аймақтағы толеранттылық деңгейі тұрақтылықпен сипатталады. Тұрғындардың басым бөлігі қарым-қатынас кезінде этникалық тиістілігіне мән бермейді. Арасында қалжындасып, «мен де қазақпын» деп айтатындарды да жиі кездестіреміз.Ұлттар ынтымағы мен бірлігін сақтау, өзара достығына селкеу түсірмеу мемлекетіміздің басты саясатының бірі.Қазақта «бірлік болмай, тірлік болмайды» деген ұлағатты ұғым бар, сол себепті түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарау рухани тұтастығымызды байыта түсу, біздің басты мақсатымыз. Сондықтан әрбір ұлттың өз тілін, дінін құрметтеу арқылы ұлттардың өзара қарым-қатынасы мен байланысын нығайтуға ат салысамыз. Сонымен қатар өңір бойынша Достық үйінің қызметі жоғары бағаланды - 94,7%, және де сауалнамаға сәйкес «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттарына, халықтың 70%-дан астамы қолдау көрсетті. Ол дегеніміз мемлекетіміз дұрыс саясаттыжүргізетінін, және де халық оны толығымен қолдайтынын көруге болады.Біздің еліміз –қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы.
Ұлтымыз, дініміз, мәдениетіміз өзге болғанымен, өңіріміздің әр түпкірінде этностық тиістілікке қарамай ұлттық мерекелерді қалдырмай, бір болып, барлығымыз жұмыла тойлаймыз. Мысалы,2019 жылдың маусым айында өткен түркі тілдес ұлттардың – Сабантуй мейрамы, «Купала-солнцеворот» славян ұлттарының ұлттық мерекесі аталып өтті. Аталған жерге кішісі де, кәрісі де жиналып, ұлттық тағамдар әзірленіп, ұлттық әндері айтылып, билері биленіп, бір болып атап өткен болатын.Демек, Шығыс Қазақстан тұрғындары бір аспан астында қай ұлт өкілі болмасын, туған бауырдай, тату өмір сүретіне нық көз жеткізуге болады.
Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен азат елміз. Ел ішіндегі татулық пен бірлікті, өзара құрмет пен жарастықты нығайту жолындағы елбасымыздың атқарған қызметтерін мақтанышпен айта аламыз.Бірлік болмаса, қандай да бір асып тасып бара жатқан мықты ел болмасын күлі көкке ұшып кететіндігін, бізге тарихта қалған дүрбелең жылдар дәлелдеп кеткен болатын. Күні кеше, 24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласында төтенше жағдайорын алды.Ағайындарымызға ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ ұжымы қаржылай көмек қолын создық.Сан ғасырлық тарихымызда басымыздан небір жағдайлар мен қиыншылықтар өтті ғой.Барлығымыз бір елдің баласымыз.Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекшібұл жағдайда да отандастарымызды жалғыз қалдырмай, барынша көмегімізді аямайық.