26-04-2023
Достық үйі - қоғамдық келісім орталының басшысы Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы
Бүгінгі күн Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясымен басталды. Күн тәртібінде: «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыптары қозғалды. Қазіргі таңда елімізді толықтай реформалау, барлық салалардың, соның ішінде: экономикалық, саяси және әлеуметтік қызметтерін қайта құрылымдау жолында бірқатар тақырыптар көтерілді.
Сессия аясында Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломатиялық корпустың, ғылыми, шығармашылық зиялы қауымның, қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері бас қосты.
Осы себепте Ассамблея өз жұмысында біртұтас Қазақстан халқының ортақ құндылықтары мен мүдделерін қалыптастыруға басымдық беруіміз және дамытуымыз қажет деген тұжырымды қабылдап отыр.